Германия 2030 жылға қарай көмір энергетикасынан бас тартады

898

Жаңа үкімет электромобильдердің санын кем дегенде 15 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Германия 2030 жылға қарай көмір энергетикасынан бас тартады Фото: reuters.com

Құрамына Социал-демократтар, "Жасылдар" және "еркін демократтар" кіретін Германияның жаңа үкіметі 2030 жылға дейін елдің көмір энергетикасынан бас тартатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Бұған дейін билік бұл бастама 2040 жылға дейін жүзеге асырылатынын айтқан болатын. 

"Климатты қорғау жоспар орындау үшін көмір генерациясынан шығу қажет", – деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту процесі жеделдетіледі.

"Біз жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды 2030 жылға қарай шамамен 680-750 Вт/сағ тұтыну деңгейіне жеткіземіз. Тұтынудың осы деңгейінің 80%-ы жаңартылатын көздер арқылы жүзеге асырылуы керек", – дейді құжат авторлары.

Сонымен қатар 2030 жылға қарай Германияның жаңа үкіметі электромобильдер санын кем дегенде 15 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу