Германия АҚШ аумағында сақтаулы жатқан мемлекеттік алтын қорын елге қайтаруды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еуропарламенттің қорғаныс комитетінің төрағасы Мари-Агнес Штрак-Циммерманның мәлімдеуінше, АҚШ-тағы неміс алтыны Вашингтонмен келіспеушілік туындаған жағдайда Берлинге қысым көрсету құралына айналуы мүмкін.
Қазіргі уақытта АҚШ қоймаларында Германияның 1200 тоннадан астам алтыны сақтаулы тұр, оның жалпы құны шамамен 164 млрд еуроны құрайды.
Германияның жалпы алтын қорының орналасуы төмендегідей:
- 37% – Нью-Йорктегі Федералды резервтік жүйеде;
- 12% – Лондондағы Англия банк;
- 33% – Франкфурт-на-Майне қаласында (Германия).
Бұған дейін бағалы металдарды шетелдік беделді орталық банктерде сақтау ұрлықтан немесе жергілікті әскери қақтығыстардан қорғанудың ең сенімді жолы саналып келген болатын.