Германия екінші дүниежүзілік соғыстың әскери тұтқындарына өтемақы төлеп жатыр

1391

Германия екінші дүниежүзілік соғыстың әскери тұтқындарына өтемақы төлеп жатыр

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің тұтқынында болған қазақстандық ардагерлер Германиядан өтемақыны ала бастады, — деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған egemen.kz.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта бұрынғы әскери тұтқынның бірнешеуі 2500 еуродан алды. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.

"Шамамен бұрынғы алты әскери ақшалай өтемақы алды. Олардың ішінде соғыс ардагері де болды. Өкінішке қарай, аударылған қаржылай өтемақы есепшотқа ардагер қайтыс болған күні бірақ түскен", — деді ҚР Президентінің мұрағаттар директоры Борис Джапаров.

Еске сала кетейік, Германия үкіметіндегілер өтемақыны төлеу туралы шешімді былтыр қабылдаған болатын. Өтемақыны алуға Қазақстаннан 11 адам өтініш қалдырған екен. Ал жалпы немістердің тұтқынында шамамен 200 мың қазақстандық болған.

"Әкемнің жасы 97-де. Аударылған барлық қаражатты оның ем алуына, өмір сүруіне, тамақтануына жұмсаймыз", — деді ҰОС ардагерінің ұлы Мұхит Адасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу