Германия экономикасының қалыпқа келу қарқыны бәсеңдеді

1348

Жергілікті билік дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге тек 2022 жылға қарай жетеміз деген пікірде.  

Германия экономикасының қалыпқа келу қарқыны бәсеңдеді

Германия экономикасының қалыпқа келу қарқыны індеттің кең етек жаюы салдарынан бәсеңдеді. Bloomberg басылымы хабарлағандай, биыл елдің ЖІӨ небәрі 3%-ға өсуі мүмкін. Бұған дейін сарапшылар 4,1%-ға артады деп топшылаған еді.

"Экономиканың қалыпқа келуі 2021 жылы да жалғасады, бірақ қарқыны баяу болады", – дейді елдің экономика министрі Питер Альтмайер. Өткен жылы көрсеткіш 5%-ға қысқарған болатын. Жергілікті билік дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге тек 2022 жылға қарай жетеміз деген пікірде.

Еуропада енгізілген шектеулер 2020 жылдың қараша айының ортасынан бастап күшейтілді. Дүкендер жабылып,адамдардың қоғамдық орындарда жиналуына тыйым салынып, локдаун ақпан айының ортасына дейін ұзартылды.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу