Германиялық компания Атырау облысында зауыт салуға ниетті

284

Рёмхильд бірінші кезеңде зауытты жобалау мен салуға шамамен 100 млн. еуро инвестициялауды жоспарлап отырғанын атап өтті. 

Германиялық компания Атырау облысында зауыт салуға ниетті Фото: invest.gov.kz

Германияның "WIS Kunststoffe GmbH" компаниясы Атырау облысында пластмасса өндіретін зауыт салуға ниетті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы биыл 12 қаңтарда Берлинде Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінде өткен кездесу барысында айтылған. Атаған кездесуде Елші Нұрлан Онжанов пен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ ресми өкілі Сәкен Олжабаевтың "WIS Kunststoffe GmbH" компаниясының бас директоры және иесі Зигмар Рёмхильдпен Атырау облысында пластмасса өндіретін зауыт салу жоспарларын талқылаған.

Сонымен қатар, компания иесі З.Рёмхильд компания Қазақстан нарығын талдаудың инвестициялық процесінің аяқталу сатысында тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, стратегиялық орналасуына, инвестициялаудың қолайлы жағдайларына және шикізаттың болуына байланысты елде өндірісті бастау үшін үлкен әлеует бар.

WIS Kunststoffe GmbH компаниясы пластик пен полимерлі шикізат пен қоспаларды, сондай-ақ полиолефиндерді, стирополимерлер қоспасын, техникалық және құрылымдық Пластмассаларды, түйіршіктер мен ұнтақтарды өндірумен айналысады. 1995 жылы компания өзінің алғашқы пластмасса зауытын, 2022 жылы екінші зауытты, техникалық орталықты және сынақ зертханасын іске қосты. Қазіргі уақытта компанияның Германия мен Шығыс Еуропада 10-ға жуық аймақтық кеңселері бар.

Өз кезегінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов Қазақстан Германияның өңірдегі жетекші сауда-экономикалық серіктесі болып табылатынын, оның үлесіне Орталық Азия елдерімен неміс саудасының барлық көлемінің 80%-дан астамы тиесілі екенін атап өтті. Қазақстан Үкіметі Германияның озық технологиялары мен тәжірибесі арқылы индустрияны дамыту үшін ірі неміс компанияларымен белсенді ынтымақтасады.

Кездесу қорытындысы бойынша WIS Kunststoffe GmbH компаниясының Бас директоры Зигмар Рёмхильд және KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының Германиядағы ресми өкілі Сәкен Олжабаев 100 млн еуро сомасына жобаны іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, ҚР ҰБ деректеріне сәйкес, 2023 жылы ГФР-дан ҚР-ға ТШИ ағынының көлемі (3 тоқсанда)623 млн АҚШ долларын құрады (+101,88%), бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден екі еседен астам (308,6 млн)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу