Германия өз елдеріне қайтуды ұйғарған босқындарға ақы төлеуді бастайды – БАҚ

777

Германия өз елдеріне қайтуды ұйғарған босқындарға ақы төлеуді бастайды – БАҚ

Германия билігі алдағы күндері ГФР-де бассауға беруден бас тартылған соң отанына оралуға тура келетін мигранттарды қаржылай қолдау бағдарламасын бастайды, деп  жазады ТАСС Bild газетіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша,  Бундестаг бекіткен бағдарлама бүгінгі таңда қарулы қақтығыс жоқ 11 елден босып келгендерге арналған.

Атап айтқанда, олар  Тунис, Марокко, Нигерия, Косова, Сербия мен Албания. Осы мақсатқа Бундестаг өткен жылы  150 млн еуродай бөлу жөнінде қаулы шығарды.

Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель босқын мәртебесін алуы екіталай шетелдіктердің ел аумағынан мәжбүрсіз, өз еркімен шығып кететіндігіне үмітті екенін білдірген.

Өткен жылы Германияға  босқын мәртебесін алғысы келетін 280 мың адам келген, оның  25 мыңы ел аумағынан шығарылса,  55 мыңы өз еркімен кеткен.  Жалпы алғанда, Германияның ІІМ мәліметі бойынша, миграциялық дағдарыс басталғалы бері 1,2 млн мигрант келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу