Германия Ресейді ДХР мен ЛХР-ды мойындау туралы шешімнен бас тартуға шақырды

1064

Берлин Мәскеуге "Норманд төрттігі" бекіткен Минск келісімдерін орындауды ұсынды.

Германия Ресейді ДХР мен ЛХР-ды мойындау туралы шешімнен бас тартуға шақырды

Германия билігі Ресей Федерациясын Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы шешімінен бас тартуға шақырды. Бұл туралы Германияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Антье Леендертс Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен Ресейді ДХР мен ЛХР-ды мойындау туралы шешімінен бас тартып,  "Норманд төрттігі" бекіткен Минск келісімдерін орындауға шақырамын", – деді ол.

Линдертсенің айтуынша, РФ Украинаның халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасын өтпей, Украина маңында орналасқан аймақтардағы қарулы күштерін кері қайтарып алуы тиіс.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: expatica.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу