Германия Украинаға 50 мың FPV-дрон сатып алып береді

481

Бұл туралы Reuters жазды.  

Германия Украинаға 50 мың FPV-дрон сатып алып береді Фото: t.me/SJTF_Odes

Германия Украинаға 50 мың соққы дронын жеткізуді қаржыландыратын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Reuters мәліметінше, бұл Батыс одақтастарының Украинаға арналған ең ірі белгілі дрон сатып алуларының бірі болмақ.

Тапсырысқа украиналық өндірушінің Shrike дрондары кіреді. Олар америкалық Auterion компаниясының бағдарламалық жасақтамасымен жабдықталған және ұшудың соңғы кезеңінде қозғалыстағы нысандарды өздігінен бақылап, соққы жасауға арналған.

Auterion бас директоры Лоренц Майер келісімшарт құны шамамен 90 млн еуро екенін растады. Дрондардың бір бөлігі Украинаға жеткізілген, қалғаны жыл соңына дейін берілмек. Германия Қорғаныс министрлігі жедел қауіпсіздікке байланысты түсініктеме беруден бас тартты.

Айта кетейік, бұған Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққыларды күшейту үшін арнайы мақсаттағы құрылым құрғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу