Германияда 129 жолаушысы бар кеме көпірге соғылды

1389

Германияда 129 жолаушысы бар кеме көпірге соғылды

Германияда жолаушылар кемесі көпірге соғылып, 27 адам жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқыс жақдай Дуйсбург қаласының маңындағы Рейн өзенінде болған. Апаттан соң кеме бортындағы адамдар дереу эвакуацияланды. Құтқару шарасына 80-ге жуық маман жұмылдырылған. Кеменің алдыңғы бөлігі бүлініп, жөндеуге жөнелтілді. Қазір апаттың себептері анықталып, тергеу жүріп жатыр. Ал төтенше оқиға кезінде кеме ішінде 26 экипаж мүшесімен қоса 129 жолаушы болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу