banner

Германияда 17 ақпанда таңертең әуежайларда ереуілдер басталды, салдарынан елдегі әуе қатынасы тоқтап қалды

648

Бұл туралы inbusiness.kz Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Германияда 17 ақпанда таңертең әуежайларда ереуілдер басталды, салдарынан елдегі әуе қатынасы тоқтап қалды Фото: img5.eadaily.com

Ереуіл өткен түнде Ганновер әуежайында басталды — түнгі уақытта жұмыс істеуге рұқсат етілген, қақтығысқа қатысқан жеті әуе айлақтарының бірі.

Германияның Verdi кәсіподағының (штаб-пәтері Берлинде) хабарлауынша, Ганновер әуежайы іс жүзінде жұмысын тоқтатты.

Ереуілді ұйымдастырушылар мүмкіндігінше Франкфурт-на-Майн, Мюнхен, Штутгарт, Бремен, Гамбург пен Дортмунд әуежайларындағы барлық рейстерді тоқтатуға тырысып жатыр.

ADV әуежайлары бірлестігінің бағалауы бойынша, 2340 рейстің тоқтатылуына байланысты 300 мыңға жуық жолаушы зардап шегеді. Тек Lufthansa авиаконцерні 1300-ге жуық рейсті тоқтатуға мәжбүр болды.

Германиядағы мемлекеттік сектордың қызметкерлері еңбек жағдайларын жақсарту үшін өз наразылықтарын тек әуежайларда ғана емес, басқа жерлерде де білдіріп жатыр. 17 ақпанда еңбекшілердің өз талаптарын қолдау мақсатында жаппай акциялары жоспарланған.

Verdi кәсіподағына келетін болсақ, ол өзінің 2,5 миллион мүшесіне жалақыны 10,5 пайызға көтеруді және 500 еуро көлемінде біржолғы төлемді талап етеді. Жаңа еңбек келісімінің қолданылу мерзімі 12 айды құрауы тиіс.

Жұмыс берушілер бұл талаптарды қабылдағылары келмейді. Келіссөздердің келесі кезеңі Потсдамда 22-23 ақпанға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу