Германияда 25 мың адам наразылық шеруіне шықты

621

Германияда 25 мың адам наразылық шеруіне шықты

Мюнхен көшелерінде 25 мың адам наразылық шарасына қатысты. Олар босқындарға қатысты жасалып жатқан саясатқа қарсы, деп хабарлайды 24.kz.

Наразылық акциясына 100-ден аса қоғамдық ұйым мен кәсіподақтар атсалысты. Шерушілер "Адам құқығы мен демократия үшін" деп ұрандатты. Олар Германияның сыртқы істер министрлігінің миграциялық саясатқа байланысты қабылдаған заңын қолдамайды.

Айта кету керек, Хорст Зеехофердың бастауымен мигранттардың тағдырын 48 сағат ішінде шешетін арнайы орталықтар ашылады. Сонымен қатар оларға қолма-қол ақша берілмейді, тек қажеттілігіне керек заттарды алуға арнайы карта қолданатын болады. Осы және өзге де жаңашылдықтар Германия халқының ашуына тиді.

"Демократия билеген елде мұндай қатыгездікке жол жоқ", – дейді ереуілге жиналғандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу