Германияда балалар тағамын улаған адам қолға түсті

854

Германияда балалар тағамын улаған адам қолға түсті

Тәртіп сақшылары 53 жастағы күдіктіні бірнеше күн іздестірген, деп хабарлайды 24.kz. 

Ол этиленгликоль деген өте улы затты кішкентай балаларға арналған қоспаға араластырған. Сөйтіп, екі апта бұрын қаскүнем ірі супермаркеттерге электронды хат жолдайды. Хатта ол 10 миллион еуро талап еткен. Бұл сома қолына тимесе, тағамдарды улайтынын жазған. Уақыт өте келе, талабы бос сөз еместігі белгілі болды. қаласындағы дүкендердің бірінен шынымен балалар қоспасының уланған 5 құтысы табылды. Осыған байланысты жедел түрде 200 адамнан жасақталған тәртіп сақшыларынан арнайы тобы құрылды. Бақылау камераларына жазылған видеоларды қарап шыққан із кесушілер күдіктіні тез арада қолға түсірді. Оның суретін орталық телеарнадан көрген көршілері дереу полицейлерге хабар берген. Ол өз кінәсін мойындады. Енді 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу