Германияда екі ұшақ соқтығысты

773

Германияда екі ұшақ соқтығысты

Германияда Эркеленц-Кюкховен әуежайы маңында екі жеңіл моторлы ұшақ соқтығысты, деп хабарлайды Rheinische Post-ке сілтемемен ҚазАқпарат.

Олардың біреуі толықтай жанып кеткен. 70 жастағы ұшқыш оқиға орнында қаза тапты.

Ал екінші ұшақта болған 60 жастағы ұшқыш ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша,  оның жағдайы аса ауыр.

Ұшқыштардың екеуі де тәжірибелі, ұзақ уақыт жергілікті аэроклубтың мүшесі болған. Алдын ала болжамға қарағанда, ұшақтардың бірі қонуға бет алған, ал екіншісі әуеге көтерілген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары апаттың не себепті болғандығын тексеріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу