Германияда экобелсенділер Моне картинасына картоп пюресін төкті

763

Бұл осы айда томат сорпасынан зардап шеккен Ван Гогтың “Күнбағыс” картинасынан кейінгі экобелсенділердің назарына түскен екінші картина.  

Германияда экобелсенділер Моне картинасына картоп пюресін төкті Фото: Twitter/Letzte Generation

Климаттың өзгеру мәселелеріне халықтың назарын аудармақ болған экологиялық белсенділер Барберини сарайындағы "Стога" сериясындағы Клод Моне суретіне пюрені шашып жіберген, деп хабарлайды Liter.kz Tagesspiegel сілтемесімен

Осыдан кейін жастар өздерін бағанға жабыстырып, мұражайға келушілер алдында сөз сөйледі.

"Адамдар аштықтан, суықтан қатып қырылып жатыр. Біз климаттық апаттың алдында тұрмыз, ал сіз қорқатын нәрсе – суреттегі қызанақ сорпасы мен картоп пюресі", - деді науқанға қатысушы.

Осыдан бір апта бұрын ғана Лондон ұлттық галереясында Ван Гогтың әйгілі "Күнбағыстарына" шабуыл жасалды. Экологиялық наразылық қозғалысының белсенділері картинаға қызанақ сорпасын шашып жіберген. Өнер сүйер қауымның бақытына орай, әйнек артында болған Ван Гогтың туындысына зақым келмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу