Германияда электромобиль алуға 9 мың еуро субсидия беріледі

494

Ынталандыру шарасы экологияға жақсы әсер етеді.  

Германияда электромобиль алуға 9 мың еуро субсидия беріледі

Экономикаға қарқын беру жоспары аясында Германия билігі электромобиль сатып алатындарға берілетін субсидия көлемін 3 мыңнан 9 мың еуроға жеткізді. Бұл жеңілдік барлық көліктерге емес, Volkswagen ID.3, Nissan Leaf, Renault Zoe, Kia Niro, Peugeot e-208 сынды бағасы 40 мың еуродан аспайтын көліктерге қатысты. Кез келген Германия азаматы 29 990 еуро тұратын базалық ID.3-ті 20 990 еуроға сатып ала алады. 

Tesla науқаннан тыс қалды, себебі мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін Model 3-тің бағасы 43 мың еуродан асады. Егер Берлин маңындағы зауытта шығарыла бастаса, құны біраз төмендеуі мүмкін.

Reuters хабарлағандай, елдегі 14 мың жанармай бекетін электромобиль қуаттауға арналған станция орнатуға міндеттеу жоспарланып отыр. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу