Германияда Эмомали Рахмонның кортежіне шабуыл жасалды

1635

Канцлер Олаф Шольцпен кездесуге бара жатқан Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның кортежіне бір топ адам тас пен жұмыртқа лақтырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.   

Германияда Эмомали Рахмонның кортежіне шабуыл жасалды Фото: Тәжікстан Президентінің баспасөз қызметі

Бір топ адам жол бойында тұрып, "Диктатор!" деп айқайлаған.

Неміс тәртіп сақшылары шабуылдың алдын алуға тырысқанымен, одан нәтиже шықпаған.

Қазірге Душанбе оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасамады.

Болжам бойынша, шабуылды оппозициялық "Тәжікстан ұлттық альянсы" мен Тәжікстанда тыйым салынған "Группа 24" қозғалысы ұйымдастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу