Германияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды

694

Германияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды

Кельнде өткен бизнес-форумда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды 24.kz.

Елшілігіміздің қолдауымен өткен бұл шараға Германияның кәсіпорын басшылары, инвесторлар мен саясаткерлер қатысқан. Қазақстандық делегацияны басқарып барған "Қазақ Инвест" төрағасы Сапарбек Тұяқбаев ұлттық компанияның жұмысы мен  Қазақстанда бизнес жүргізудің жағдайын және тиімді бағыттар туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Форумға шақырылған неміс кәсіпкерлері еліміздегі бизнес ахуалға оң баға берді. Жаңғыртпалы энергия, туризм, құрылыс саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді инвесторларға арналған салық жеңілдіктері қызықтырып отыр. Сонымен қатар біздің делегация Кельнде бірқатар екіжақты кездесу өткізді. 

"Қазақстанмен жақында ғана бірлесіп жұмыс істей бастадым. Осы тұсаукесерде Қазақстан туралы көптеген қызықты мәліметтерге қанық болдым, бизнестегі бұл қадамдары шынымен де жігерлендіреді. Қарқынды дамуымен, тұрмыс деңгейімен бізді таңқалдырған ел. Қазақстан өз даму жолында үлкен әлеуетке ие деп есептеймін. Біз технологиялық компания болғандықтан, инновациямен айналысып, дайын өнім шығарамыз. Бізді Қазақстан экономикасы қызықтырып отыр", - дейді "ZOZ Group" президенті Хенинг Цоц.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу