Германияда коронавирусты анықтайтын тест ақылы болады

711

Бұл елде 8 наурыздан бастап бұған қатысты ереже бекітілген болатын.

Германияда коронавирусты анықтайтын тест ақылы болады Фото: ria.ru

Германия билігі қазан айынан кейін коронавирусты анықтайтын тестті ақылы етуді көздеп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Денсаулық сақтау министрі Йенс Спан мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Министр COVID-19 вакцинациясын "патриоттық әрекет" деп атап, вакцинацияға қарсы тұрғындарды жақын арада тестке ақша төлеуге мәжбүр ететінін мәлім етті.

"Қазан айынының ортасынан бастап тесттің тегін болмайтыны анық", – деді ол. Шпан халықты тезірек препарат қабылдауға үндеді. "Сіз өзіңізді ғана емес, бүкіл қоғамды вирустан қорғауыңыз керек", – деді ведомство басшысы.

4 тамызда Германия билігі жаңа локдаун енгізбекші деп хабарланған еді. Бірақ бұл жолы қатаң шектеулер тек вакцинацияланбаған азаматтарға ғана бағытталды. 

Германияда 8 наурыздан бастап халықты тестілеуге қатысты ереже бекітілген болатын. Ол бойынша,елдің барлық азаматтары аптасына бір рет тегін тест тапсыра алады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу