Германияда "Құнанбай" фильмі көрсетіліп, "Абай" кітабының тұсаукесері өтті

737

Фильмнің тұсаукесерінде Елші Дәурен Кәріпов "Қазақ кітапханасы" жобасы аясында Елшілік неміс баспаларымен бірлесе отырып басып шығарған ақынның неміс тіліндегі шығармалары мен өшпес мұрасы туралы айтып берді.    

Германияда "Құнанбай" фильмі көрсетіліп, "Абай" кітабының тұсаукесері өтті

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар сериясының жалғасы ретінде Қазақстан Елшілігі Берлиндегі танымал "Zoo Palast" кинотеатрында "Құнанбай" тарихи кинодрамасының көрсетілімін ұйымдастырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, кинокөрсетілім аясында жиналған неміс саясаткерлері мен сарапшыларына, қоғам қайраткерлеріне, журналистерге және Берлин тұрғындарына биылғы жылдың тамыз айында Германияда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен "Ұлттық аударма бюросы" Қоғамдық қоры жобасы аясында жарық көрген ақынның неміс тіліндегі "Абай" атты шығармаларының жаңа жинағы таныстырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу