Германияда мешіт алдында Құранды өртеп жіберген

396

Оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Маульбронн қаласында болған

Германияда мешіт алдында Құранды өртеп жіберген Фото: life.ru

Германияның оңтүстік-батысындағы Маульбронн қаласында белгісіз адамдар Құранды өртеп, мешіттің алдына лақтырып кеткен. Бұл туралы Германиядағы Түрік-ислам діни мекемелерінің одағында (DITIB) хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға 8 шілдеге қараған түні DITIB жанындағы "Мимар Синан" мешітінде болды.

Бәз біреулер мұсылмандар үшін қасиетті кітапты өртеп, жанып жатқан Құранды қозғалыстағы көлік терезесінен лақтырып жіберген. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

DITIB өкілінің айтуынша, болған оқиғаға байланысты полицияға арыз берілген. Ол көліктің нөмірі мен шабуылға қатысушылардың саны әлі анықталмағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу