Германияда пойыздардың қозғалысы жаппай тоқтады

246

Оған теміржолдың бұзылуы себеп.  

Германияда пойыздардың қозғалысы жаппай тоқтады Фото: BILD

Цифрлық теміржол радиожүйесінде (GSM-R) техникалық қиындықтар туындаған. Мамандар мәселені шешу үшін шұғыл жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазір біз жолаушылар түсуі үшін пойызды вокзалға қайтаруға тырысып жатырмыз", – деді BILD басылымына Deutsche Bahn бас директоры Эвелин Палла.

Ел бойынша түрлі бағыттағы саяхаттар тоқтап қалды: техникалық кідіріс жоғары жылдамдықтағы қалааралық пойыздарға да, қала маңындағы пойыздарға да әсер етті. Берлин мен Мюнхендегі S-Bahn пойыздары да уақытша тоқтады.

Deutsche Bahn агенттігінің хабарлауынша, пойыздарға қауіпсіз кепілдік берілгенше тоқтаған станцияларда уақытша қозғалыссыз тұрады. Кешігулер әлі де жалғасады. Одан келген шығын көлемі әлі есептелген жоқ.

Мұндай ақауға темір жолдағы бағдарламалық құралдың жаңартылуы себеп болуы мүмкін. Теміржол компаниясы бұл ақпаратты әзірге растап, ресми түсініктеме бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу