Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды

772

Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды

Ішкі істер министрлігі Qazaq банкінің ірі акционері Бақыт Ибрагимнің ұсталғанын растады, деп хабарлайды КТК.

Ұлттық интерпол бюросының жолдаған сұранысына сай, немістер оны сәуірдің 23-і күні ұстаған. Қазақстан қор биржасының мәліметіне сенсек, қазіргі уақытта банк акцияларының 10,55 пайызы соған тиесілі. Өзі де былтырға дейін осы қаржы ұйымын басқарып келген.
Qazaq банкі өткен айда елбасының сынына ұшыраған үш банктің бірі болатын. 2013-2016 жылдар аралығында таратқан несиелері қайтарылмай, былтыр қаржы институты табыстан қағыла бастаған. Ал сәуірдің 28-і күні Ұлттық банк онда жеке тұлғалар үшін есепшоттар мен депозиттер ашуды екі айға шектеп тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу