Германияда шетелдіктерге азаматтық алу жеңілдетілуі мүмкін

570

Германия билігі азаматтық алу мерзімін сегізден бес жылға дейін қысқартпақшы. 

Германияда шетелдіктерге азаматтық алу жеңілдетілуі мүмкін  Фото: sueddeutsche.de

Сондай-ақ, 67 жастан асқан адамдар үшін тілді жетік меңгеру талабын алып тастау қарастырылуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.

Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фрезер Германия азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге қойылатын талаптарды айтарлықтай жеңілдетуді ұсынды.

Ұсынылып отырған өзгерістерде ата-ананың кем дегенде біреуі Германияда заңды түрде бес жылдан артық тұрса, онда балаға туылған сәттен ГФР азаматтығын автоматты түрде беру қарастырылған.

Сонымен қатар, билік азаматтық алу мерзімін сегізден бес жылға дейін қысқартпақшы. Тек ерекше жағдайларда натурализация үш жылдан кейін де мүмкін болады. Сонымен қатар, бұған дейін қолданылып жүрген басқа елдің азаматтығынан бас тарту туралы талапты жою жоспарлануда.

Нэнси Фрезер сонымен қатар 67 жастан асқан адамдар үшін тілді жетік меңгеру талабын алып тастауға ниетті. Болашақта азаматтық алу үшін "ауызша сөйлесу қабілеті" жеткілікті болады. Оған қоса, бұл жас тобындаға шетелдіктер үшін Германияның тарихы мен саяси құрылымына қатысты міндетті сынақтае өту қажет болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу