Германияда соғыстан қалған оқ-дәрілер сақтаулы орман өртенді

629

Полиция қызметкерлері бірден түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға эвакуациялау болуы мүмкін екендігін жеткізді. 

Германияда соғыстан қалған оқ-дәрілер сақтаулы орман өртенді

Германияда орман өртенуде. От Берлиннен 30 шақырым жердегі 3 мың тұрғыны бар Фихтенвальд қаласынан басталған, деп хабарлайды 24.kz.

Полиция қызметкерлері бірден түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға эвакуациялау болуы мүмкін екендігін жеткізді. Бранденбург билігі ең жоғары қауіптілік деңгейін жариялады.

Өрт орманның 90 гектарын шарпып үлгерген.

Отты сөндіруге 250 маман тартылды. Сондай-ақ қызыл жалынмен күреске сарбаздар көмектесті. Олар әуеден жағдайды тікұшақпен бақылауда ұстап отыр.

Сарапшылардың айтуынша, операция үлкен қиындықтармен өтуде. Себебі орманда екінші дүниежүзілік соғысынан қалып қойған оқ-дәрілер бар.

А10 және А9 стратегиялық маңызы бар автобандар жабылды. Салдарынан ұзын-сонар кептелістер түзілген.

"Үлкен орманды өрт шарпыды. Соңына дейін қызыл жалынды жел қайда апаратынын білмедік. Ол тасжол арқылы өтіп, оңалту клиникасына дейін барады ма, әлде үлкен екі қала орналасқан оңтүстікке беттей ме? Қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Әзірге елді мекеннен 350 метр жердегі өртті тоқтатып үлгердік", - дейді Потсдам-Миттельмарк парламентінің төрағасы Вольфганг Блазик.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу