Германияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 156-ға жетті

819

Германияда жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 156-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.  

Германияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 156-ға жетті

Таңертең Кобленц полиция басқармасы Рейнланд-Пфальц жерінде су тасқынынан қаза тапқандар саны 12-ден 110-ға артқанын хабарлады.

Тағы 45 адам Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде, ал бір адам Берхтесгаден өңірінде қаза тапқан.

Осыған дейін Германияның батысындағы Рейнланд-Пфальц және Северный Рейн-Вестфалия жерлерінде болған су тасқынынан 133 адам қаза тапқан еді.

Сондай-ақ "Бернд" циклонынан туындаған толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан Бельгия, Нидерланды және Францияда адам өлімі тіркелген.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия короліне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу