Германияда сыраның миллиондаған литрі жойылды

854

1500 сыра қайнату зауыты жұмысын тоқтатқан.

Германияда сыраның миллиондаған литрі жойылды

Германияның сыра өндірушілері осы ішімдіктің миллиондаған литрін жоюға мәжбүр болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті сыра өндірушілерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Елде енгізілген локдаун кесірінен олар тез бұзылатын бұл тауарды сата алмаған көрінеді. Өйткені билік тамақтану орындарын жауып тастаған болатын. Сыра жасаумен айналысатындардың айтуынша, 2020 жылдың қараша айында енгізілген локдаун тым ұзаққа созылып, өндіріс тұралап қалуы мүмкін. Бизнестің бұл түріне індеттен миллиондаған еуро көлемінде шығын келген. 

Бірлестіктің мәліметіне сүйенсек, 1500 сыра қайнату зауыты жұмысын тоқтатқан.
Өткен жылы Германияның ЖІӨ 5%-ға төмендеген еді. 2021 жылы бұл көрсеткіш 3%-ға өсуі мүмкін. Орталық Банк болса, егер билік қатаң шектеу шараларын тағы бірнеше айға ұзартса, Германия экономикасы сәтсіздікке ұшырауы мүмкін деген пікірде. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу