Германияда жасыл энергияның күшімен жұмыс істейтін зауыт іске қосылды

1196

Кәсіпорын ABB технологиялық компаниясына тиесілі. Жоба авторларының айтуынша, бұлтсыз күні ол тек күннің қуаты арқылы жұмыс істей алады.

Германияда жасыл энергияның күшімен жұмыс істейтін зауыт іске қосылды

Қазіргі таңда Люденшайд қаласында салынған бұл зауыт 800-ге жуық адамды дұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорында электр жабдықтары жасап шығарылады. 

Нысанда күн көзін энергияға айналдыратын үлкен жүйе бар. Ол жылына шамамен1100 мегаватт-сағат өндіретін көрінеді. 
"Бұлтсыз күні зауыт электр желісіне қосылмай-ақ жұмыс істей алады. Мұндай күндері кәсіпорын энергияны тиісті нормадан 14 пайызға артық өндіреді", – дейді ABB бөлімшесінің директоры Тарак Мехта. 

"Біздің стратегиямыз – 800 адам жұмыс істейтін жердің көміртегі шығармайтын жүйеге оңай ауыса алатынын көрсету. Бұл ретте өндіріс көлемі өзгермейді, жұмыс осы қарқында жалғаса береді", – дейді ABB өкілі. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу