Германиядағы қазақ дәрігері 4 мыңнан астам күрделі операция жасаған

1109

 Германиядағы қазақ дәрігері 4 мыңнан астам күрделі операция жасаған

Ми-жұлын, жүйке жүйесінің ауруларын емдейтін Еуропадағы қазақ дәрігері бүгінгі күнге дейін 4 мыңнан астам күрделі операция жасап үлгерген, деп хабарлайды Хабар 24.

Медицина ғылымдарының  докторы Жәдік Шенолдың есімі Германияда кең таралған. Жеті тілді жетік білетін Киль университеті ауруханасының нейрохирургі Жәдік Шенол - Қазақстанда көп болмаса да, ана тілін ұмытпай, ұлықтап жүрген азаматтардың бірі. Тіл ғана емес, білікті қазақ азаматы - адамның ең күрделі әрі құдіретті ағзасы - ми және мидың сан түрлі тамырына ота жасайтын Еуропадағы білікті, бірегей маман. Ол Азия, Америка елдеріне де жиі барып, осы саладағы танымын тереңдету жолында тынымсыз тер төгіп келеді.

"Нейрохирургиядан басталған тәжірибеме 20 жылға жуық уақыт болды. Мен барлығын тізбектеп отырамын. Қазірге дейін 4 мыңнан астам ауруға нейрохирургиялық ота жасадым. Оның ішінде ми ісіктері, мидың тамырындағы аурулар, миға қан құйылған жағдайларда жасаймын. Сонымен қатар гидроцефалияда, яғни жұлындағы ауруларда да операция жасаған кездерім көп", - дейді медицина ғылымдарының докторы Жәдік Шенол.  

Жәдік Шеноль қазақ балаларына  бүйрегі бұрып тұратынын жасырмады. Кейбірін тіпті тегін емдесе керек. Елден келген науқас жол, ауруханадағы жатын орын мен дәрі-дәрмек шығынын өтесе жеткілікті. Тілі немісше таза, алайда түрі мен қою қара шашына қарап, әлемнің әр түкпіріндегі науқастар "ұлтыңыз кім?", - деп сұрайды екен кейде. Мұндай сәтте дәрігер "қазақпын", - деп мақтанышпен жауап беретінін айтады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу