Германиядан саяси баспана сұраған 65 грузин азаматы еліне қайтарылды

861

Германиядан саяси баспана сұраған 65 грузин азаматы еліне қайтарылды

Грузия билігі Еуроодақпен визасыз қатынау ережелеріне қатысты ескерту жасау әдістерін дайындап жатыр. Ал неміс билігі елде заңсыз тұрып жатқан грузиндерге Отанына қайту үшін өтемақы ұсынып әлекке түсуде, деп хабарлайды 24.kz.

Германия билігі елде заңсыз жүрген грузиндерді отанына қайтару үшін әрқайсысына 3 мың еуро төлеуге әзір. Алайда бұл қаржы тек  визасыз режим енгізілмей тұрып келген Грузия азаматтарына ғана тиесілі болмақ. Грузияның сыртқы істер министрі жерлестерін мұндай мүмкіндіктерден құр қалмауға шақырды.

"Өз отанына қандай да бір себеппен орала алмай жүрген адамдарға бұл бастама жақсы болары сөзсіз. Мен барлығына осы мүмкіндікті пайдалануға кеңес беремін", - дейді Грузияның сыртқы істер министрі Михаил Джанелидзе. 

Грузия билігі Еуроодақпен арадағы визасыз режимді бұзғандар үшін заңды күшейту қажет деп шешкен.  Бастамаға сәйкес еліне қайтаруға кеткен шығынның барлығын ереже бұзған азаматтың өзі төлейді. Тегін ауыстыру рәсімі де күшейтілмек. Себебі баспана сұраған азаматтардың өтініші кері қайтарылса, туысының фамилиясына ауысып, Еуроодақ елдеріне қайта өтініш беру жағдайы көп тіркеліпті. 45 күннің ішінде жасалатын тегін өзгерту рәсімінің құны небәрі 22 доллар.

"Грузия азаматтарына осындай жеңілдік алып беру үшін мемлекет пен үкімет көп күш салғандықтан, біз бұл іске үлкен жауапкершілікпен қараймыз", - дейді Грузия әділет министрінің орынбасары Александр Барамидзе. 

Өткен аптада баспана беру өтініші мақұлданбаған Грузияның 65 азаматы Германиядан кері қайтарылды. Грузин тарапы бұл мәселені шешу үшін Германияға өзін қауіпсіз елдердің тізіміне енгізуді ұсынды. Себебі сол кезде грузиндер бұл елде босқын мәртебесіне ие бола алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу