Германиялық инвесторлар елге инвестиция салуға ниетті

759

Германиялық компаниялар Қазақстанда бірқатар жобаны жүзеге асыру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Германиялық инвесторлар елге инвестиция салуға ниетті

Kazakh invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Becker Mining Systems, Redpath Deilmann Gmbh компанияларының басшыларымен кездесті. 

Кездесу барысында германиялық инвесторлармен елде тау-кен металлургия, машина жасау саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

"Оның ішінде қазақстандық тау-кен металлургия кәсіпорындары үшін тау-кен металлургия жабдықтарын құрастыру, жылдам шахта салу үшін күніне 5 метрге дейін топырақ бұрғылауға арналған инновациялық жабдық әзірлеу, машина жасау саласындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесі қаралды", - деп жазылған ұлттық компания таратқан хабарламада.

Мейіржан Юсуповтың айтуынша, тау-кен металлургия кешені отандық өнеркәсіпте басымдыққа ие.

"Бізде бірлескен инвестициялық ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар. Сондықтан инвестициялық жобаларыңызға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеміз", - деді басқарма төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу