Германияның бундестаг сайлауында cоциал-демократтар жеңіске жетті

774

Олаф Шольц және Армин Лашет католиктік Рождествоға дейін жаңа үкіметтегі билеуші коалиция туралы келіссөздерді аяқтайтындарын мәлімдеді.

Германияның бундестаг сайлауында cоциал-демократтар жеңіске жетті

Германияның cоциал-демократиялық партиясы 20 қыркүйекте өткен бундестаг сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz федералды сайлау комиссиясының сайтына cілтеме жасап.

299 округтегі дауыс беру нәтижесі бойынша, социал-демократтар дауыстың 25,7%-ын жинады. Христиан-демократиялық және христиан-әлеуметтік одақтар блогында жалпы – 24,1%. Екі жетекші партияның арасындағы айырмашылық – 1,6%.

Үшінші орында 14,8% жинаған – "Жасылдар". Еркін демократиялық партияда – 11,5%.
Солшыл партияны сайлауға келгендердің 4,9%-ы қолдады. Сайлаушылардың 8,7%-ы қалған партияларға дауыс берді.

Германия канцлерлігіне үміткерлер, яғни Олаф Шольц және Армин Лашет католиктік Рождествоға дейін жаңа үкіметтегі билеуші коалиция туралы келіссөздерді аяқтайтынтарын мәлімдеді. Лашеттің айтуынша, жаңа үкімет Рождествоға дейін жұмысқа кірісуі керек, өйткені Германия келесі жылы G7 төрағасы болады.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу