Германияның вице-канцлері Киевке барды

668

Германия Энергетика министрлігінің басшысы Роберт Хабек Киевке іс-сапармен барды, оның келетіні алдын-ала жарияланған жоқ. 

Германияның вице-канцлері Киевке барды Фото: Global Look Press

Киевке Германияның вице-канцлері мен экономика министрі Роберт Хавбек Украинаны қалпына келтіру және энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізу үшін неміс бизнес өкілдерінің шағын делегациясымен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz Der Spiegel ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Киевтегі вокзалға келгеннен кейін неміс министрі бұл сапар Берлиннің Украина жеңісіне күмән келтірмейтіндігінің, оның экономикасын аяққа тұрғызып қана қоймай, теңдей серіктес болатындығының көрінісі деп түсіндірді. 

Оның айтуынша, "нақты инвестициялық шешімдер" қазірдің өзінде қабылданған немесе қабылдануы керек. Хабек сапарды "Украинаға соғыс қимылдарынан кейін қалпына келуге үміт беретін бизнес-делегация" деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу