Ғимаратқа заңсыз граффити салған жігіт 5 тәулікке қамалды

286

Заңсыз жазу салған 19 жастағы тұрғын сот шешімімен қамауға алынды.

Ғимаратқа заңсыз граффити салған жігіт 5 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында ғимарат қоршауына заңсыз жазу жазған 19 жастағы жігіт 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері ЖБО камераларын зерделеу кезінде жас жігіттің ғимараттардың бірінің қоршауына жазу жазып жатқанын байқаған. Құқық бұзушы оқиға орнында ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Сот шешімімен Александр Александров кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Заңсыз жазу жойылды.

Полиция заңсыз жазулар мен граффити салу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу