Ғимараттың бір бөлігін ауданның АХАТ бөліміне тегін берді

866

Ғимараттың бір бөлігін ауданның АХАТ бөліміне тегін берді

Қарағанды облысының әкімі этно-саябақ аумағында орналасқан "Ақ сарай" жаңа мейрамхана кешенінің ғимаратын көріп қайтты. Бұл нысанның иесі Болат Қожақпаев ғимараттың бір бөлігін ауданның АХАТ бөліміне тегін берді деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кәсіпкер этно-саябақ аумағында мейрамхана салып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы рухани жаңғырту" бағдарламалық мақаласында айтылған "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ол ғимараттың бір бөлігін Қазыбек би атындағы ауданның АХАТ бөліміне ұзақмерзімге тегін беруді ұйғарған.

"Мен өзім Қарағанды облысында өстім. Осы жердің жастары үшін үлкен өмір жолын бастауда лайықты ғимарат болғанын қалаймын. Енді жас жұбайлар өздерінің некесін әсем залда қия алады", - дейді кәсіпкер.

Алғашқы жас жұбайларды АХАТ бөлімі осы жазда қабылдаймыз деп жоспарлап отыр. Мамандар күн сайын Қарағандының әр аудандарынан, тіпті басқа қалалардан келген 50 жұптың некесін қиятын боламыз дейді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу