Гитлердің телефоны АҚШ-та өткен аукционда 243 мың долларға сатылды

968

Гитлердің телефоны АҚШ-та өткен аукционда 243 мың долларға сатылды

Адольф Гитлердің жеке қызыл телефоны Американың Мэриленд штатындағы аукционда 243 мың долларға сатылып кетті деп хабарлайды британдық Би-би-си телерадиокопорациясы дүйсенбіде.

Сауда-саттық лоты 100 мың доллар бағасынан басталды. Сатып алушы атын жарияламауды ұйғарды.

Алғашқыда телефонды кеңес жауынгерлері Берлиндегі Гитлердің бункерінен тапқан болатын, кейінірек ол британдық офицер Ральф Рейнерге кәдесый ретінде тапсырылды.

Телефонда фашистік белгі және нацистік басшының аты ойылып жазылған жазу бейнеленген.

Бұдан бұрын сауда-саттық үйінің басшылығы жаңа иесіне телефонды бір мұражайдың меншігіне табыс етер деген үмітін білдірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу