GM Uzbekistan автомобильдері Қазақстанда құрастырылатын болды

1279

GM Uzbekistan автомобильдері Қазақстанда құрастырылатын болды

2017 жылдың соңында Қазақстанда GM Uzbekistan автомобильдерінің өндірісі басталады. Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов мәлімдеді деп жазады  Sputnik.uz-ге сілтеме жасаған 7kun.kz. 

Елімізде JV MAN Avto Uzbekistan транспорт техникасын, "СамАвто" жүк көліктері мен автобустарды құрастыру бойынша жұмыстар да басталған. Өзбекстанның сыртқы экономикалық байланыс, инвестиция және сауда министрі Эльёр Ганиев қазақстандық жақтан Қазақстан аумағында құрастырылған автомобильдерді ішкі нарықта тасымалдау үшін субсидия бөлуін сұрады. Оның сөзінше, бұл екі жақты өндірістің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

LS жазуынша, өзбекстандық машиналар 2017 жылы наурыздың соңында "СарыарқаАвтопром" кәсіпорнынан шығарылады. Алғашқы кезеңде Қостанайда Ravon Nexia R3 седанын құрастыру бойынша өндіріс орны дайындалады. Кейінірек жылына 7 мыңға жуық авто шығарылады деп жоспарланып отыр. Алдағы уақытта Spark моделі де қосылуы мүмкін. Қазір сертификация мәселесі шешіліп жатыр.

Осыған дейін еліміздің Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев қазақстандық нарықта GM Uzbekistan автомобильдері сұранысқа ие деген еді. Оның сөзінше, осы жылы Ravon брендіндегі бірнеше мың өзбек машинасы өндірілуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу