16 қыркүйекте Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекте отандасымыздың төрт белбеуі бірдей сарапқа салынады, деп хабарлайды vesti.kz.
Головкин бұл кездесуге барлық белбеуін тігіп отыр. Бірақ "Канело" WBC белбеуіне таласудан бас тартып отыр. Өйткені, мексикалық боксшы өткен жылы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған.
Сауль бар болғаны бір ғана белбеуін орта салады. Оның өзі The Ring журналының арнайы жасалған белбеуі. Ал WBO белбеуін "Канело" иесіз қалдыруы мүмкін. Себебі, ол белбеуді мексикалық боксшы бірінші орта салмақта жеңіп алды. Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 160 фунтта, яғни орта салмақта өтеді.
Айта кетейік, Головкин – Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді. НВО арнасы бұл кездесуді PPV арқылы көрсетеді.
Қазір Головкин – Альварес жекпе-жегін өткізуге 8 спорт кешенінен ұсыныс түскен. Олардың ішінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena, Нью-Йорктегі Madison Square Garden және Далластағы AT&T Stadium стадионы секілді танымал спорт кешендері бар.
АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания астанасындағы "Уэмбли" және Мехиконың "Ацтек" стадиондары да бокс кешін өткізуге ынталы.