Головкин IBF белбеуінің орнына басқа чемпиондық белбеуге ие болды

634

Головкин IBF белбеуінің орнына басқа чемпиондық белбеуге ие болды

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) pound-for-pound (P4P салмақ дәрежесіне қарамай берілетін) чемпиондық белбеуге ие болды. Жаңа чемпиондық белбеуін Instagram парақшасына жариялады, деп хабарлайды vesti.kz. 
Айта кетейік, Головкин The Ring журналының P4P рейтингінде көш бастаған болатын. 
Бұған дейін The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Головкинге бұл белбеуді 6 маусым күні Hollywood Fight Night бокс кешінде берілетінін айтты. Бұл бокс кешін кешін Том Леффлер басқаратын 360 Promotions компаниясы ұйымдастырады. 
6 маусым күні Головкин орта салмақтағы чемпиондық белбеулерінің бірінен айырылды. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшыдан өз белбеуін алып қою туралы шешім шығарды. Оның себебі, Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен 3 тамыз күніне жекпе-жек өткізу үшін қағаз жүзінде келісім бермеуі себеп болған. 
Осылайша орта салмақтағы IBF белбеуі бос қалып отыр. Жуық арада федерация бұл белбеуге таласатын екі боксшыны анықтап, келіссөз ұйымдастырады. Одан бөлек, Головкинге айыппұл да салды. Өйткені, ол федерацияның шарттарын орындаған жоқ. Дегенмен де қазақстандық боксшы WBA (Super), WBC және IBO белбеулерінің чемпионы болып қала береді. 
Негізі Головкин IBF міндетін 5 мамыр күні Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші кездесудің алдында орындауға жоспарлаған еді. Бірақ бұл кездесу мексикалық боксшының допинг дауына байланысты өтпей қалды.
Головкин мен Альварестің командалары екінші кездесуді қыркүйек айында өткізуді жоспарлаған еді. Бірақ келіссөздер тоқталып қалған болатын. Өйткені, қазақстандық боксшы бұл кездесудегі табысын 35 пайыздан 50 пайызға дейін көтеруді талап етті. Дегенмен мексикалық боксшының командасы бұл ұсыныстап бас тартып, "пойыз кетіп" қалды деген болатын. Бірақ Головкин белбуінен айырылғаннан кейін өз талаптарынан бас тартып, "Канеломен" келіссөзді қайта бастауға дайын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу