Головкин қазақстандық бокс мектебінің мықты екенін дәлелдеді - Мұхамедиұлы

860

Головкин қазақстандық бокс мектебінің мықты екенін дәлелдеді - Мұхамедиұлы

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады, хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің Гена нағыз батыр!  Қоржында тағы бір жеңіс. Шын жүректен GGG командасы мен барлық бокс жанкүйерлерін жарқын жеңіспен құттықтаймын! Құрметті Геннадий Геннадиевич қазақстандықтар Сіздің жеңіске сенді. Америкалық Ванес Мартиросянмен болған кездесуде Сіз өзіңіздің мықты қасиеттеріңізді байқатып, қазақстандық бокс мектебінің әлемде ең мықты екенін дәлелдедіңіз. Ал, Сізді әлем әлдеқашан мойындап қойған", - деп жазды министр Фесбуктегі парақшасында.

Осы орайда Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшы Геннадий Гловкиннің жеңістері  әлемдік бокс тарихында мәңгілікке сақталып қалатынын атап өтті.

"Жастар Сізге қарап бой түзейді. Сіз спортшы жастар үшін үлгісіз. Тағы да, жеңісіңізбен құттықтай келе, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, рингте жарқын жеңістер тілеймін!", - деді министр.

Айта кетейік, Қазақстандық Геннадий қарсыласы Ванес Мартиросянды жеңіп, өз титулдарын қорғады. Сонымен қатар, Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында Геннадий Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды жеңгеннен кейінгі әсерімен бөлісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу