Головкин мен Мартиросян салмақ өлшеу рәсімінен өтті

771

Головкин мен Мартиросян салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Ванес Мартиросян салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды vesti.kz.
Генаның салмағы 160 фунт болса, Ванес 159,6 фунт болды. Яғни қазақстандық боксшы 72,393 кг, америкалықтың салмағы 72,574 кг-ды тартты. Салмақ айырмашылығы 181 грамм ғана. Орта салмақтағы боксшылар шектеуі 160 фунт болып саналады.
Қос боксшы ертең таңда Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. GGG бұл кездесуден 1 миллион доллар көлемінде сыйақы алса, Ванес Мартиросян 225 мың доллар табысқа кенеледі. Ал жекпе-жектен түсетін қаржы бұл табысқа кірмейді. Оны боксшылар бөлек алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу