Гонконг келушілер үшін үш күндік карантинді тоқтатады

760

14 желтоқсаннан бастап Гонконг билігі кірушілерге үш күндік карантинді алып тастады. 

Гонконг келушілер үшін үш күндік карантинді тоқтатады Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы сейсенбіде Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли журналистерге хабарлады, деп жазады ТАСС.

"Шешім соңғы деректерге және [коронавирустың таралуы] тәуекелдерін бағалауға негізделген. Келген адамдардан жұқтыру қаупі жергілікті індетке қарағанда төмен. Біз шектеу шараларын тоқтату [ковидтің] инфекцияның өршу қаупін арттырмайды деп ойлаймыз", — деп түсіндірді ол.

Сәрсенбіден бастап Гонконг мэриясының бұйрығына сәйкес, коронавирусқа теріс сынақтан өткен жолаушыларға смартфондардағы арнайы қосымшада қоғамдық орындарға үш күн бойы тыйым салатын "қызғылт сары денсаулық коды" берілмейді. Яғни енді QR-кодтарын сканерлеген кезде еш кедергі болмайды.

Соңғы тәулікте Гонконгта коронавирусты жұқтырудың 14 717 жаңа жағдайы анықталды, оның 5%-ы ғана елге келгендерден анықталған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу