Гонконг тұмауы бұрыннан бар – вице-министр

186

Жыл сайын күз-қыс мезгілінде эпидемиологиялық жағдай ушығады. 

Гонконг тұмауы бұрыннан бар – вице-министр Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев  Гонконг тұмауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Гонконг тұмауы таралып жатыр деген қаншалықты рас?" деп сұрақ қойды.

"Гонконг тұмауы – кәдімгі маусымдық тұмау. 1968 жылдан бері тіркеліп отыр. Гонконг тұмауы дегенде АH3N2 типтегі тұмау. Ол бұрыннан бері келе жатқан тұмаудың бір түрі", – деді Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс кулуарында.

Вице-министрдің сөзінше, Гонконг тұмауының белгілері барлық тұмауға ұқсайды.

"Дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуі, әлсіздік, бас ауру, бұлшық ет пен буынның ауырсынуы", – деп түсіндірді ол.

Тимур Сұлтанғазиев жыл сайын күз-қыс мезгілінде эпидемиологиялық жағдай ушығатынын баса айтты.

"Атау өту керек, осы жылы ауа райы жылы болып түр. ЖРВИ маусымы бірнеше аптаға ертерек басталғанын атап өту керек. Алайда өткен жылмен салыстырғанда биыл жалпы аурушаңдық 20 пайызға аз. ДСМ қажетті шараларды жасады. Жағдай толығымен бақылауда. 2 млн 100 мың адам тұмауға қарсы екпе алды", – деді ДСМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу