Google-дың аңыз ғалымы Питер Норвиг: "Қазақстан мұнайдан – ЖИ-ге өтетін ең батыл трансформация жасап жатыр"

162

Ол бұл пікірін Кай-Фу Лидің шақыруымен Қазақстан Президенті жанындағы ЖИ дамыту жөніндегі кеңес отырысына қатысқаннан кейін айтты.

Google-дың аңыз ғалымы Питер Норвиг: "Қазақстан мұнайдан – ЖИ-ге өтетін ең батыл трансформация жасап жатыр" Фото: baq.kz

Жасанды интеллект әлеміндегі ең беделді зерттеушілердің бірі, Google Research-тің бұрынғы директоры, әлемдегі №1 AI оқулығы "Artificial Intelligence: A Modern Approach" авторларының бірі Питер Норвиг Қазақстанның жоғары білім, ғылым және технология саласындағы реформаларын жоғары бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Питер Норвиг Қазақстанның мұнайлы мемлекет бола тұра, экономиканы жасанды интеллектке бағыттау жолында ерекше батыл қадамдар жасап жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ел демографиясының жастығы және жастардың технология мен инновацияға деген жоғары қызығушылығы Қазақстанды аймақтағы ең әлеуетті технологиялық орталықтардың біріне айналдырып отыр.

Норвиг білім саласын Қазақстандағы өзгерістердің негізгі қозғаушы күші ретінде бағалады. Бүгінде елде 30-ға жуық шетелдік университет филиалдары жұмыс істеп, халықаралық бағдарламалар арқылы қазақстандық жастардың біліміне жаңа мүмкіндіктер ашылды. Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдердегі иммиграциялық шектеулерді тиімді пайдаланып, шетелдік студенттерді көптеп тартып, академиялық ортада бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастырып келеді.

Оның айтуынша, Қазақстандағы стартап экожүйесі де өзіндік ерекшелікке ие. Көп елдерде инновация венчурлық капитал есебінен дамыса, Қазақстанда мемлекеттік гранттар маңызды рөл атқарып отыр. Бұл модель өзінің тиімділігін көрсетіп, алғашқы "единорогтардың" пайда болуына мүмкіндік берген.

Питер Норвиг ең маңызды фактор ретінде Қазақстан Үкіметінің ұзақ мерзімді, тұрақты және прагматикалық технологиялық стратегияны қоғамға сенімді түрде жеткізе алғанын атап өтті. Оның бағалауынша, мемлекеттің айқын бағыты, институционалдық тұрақтылығы және технологияға салған жүйелі инвестициялары елдегі инновациялық экожүйенің жедел өсуіне нақты алғышарттар жасап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу