Google заңның осал тұсын пайдаланып 3,6 млрд доллар үнемдеген

1083

Google заңның осал тұсын пайдаланып 3,6 млрд доллар үнемдеген

Нидерландының сауда палатасының мәліметтеріне сілтеме жасаған Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Google компаниясы салық заңының осал тұсын пайдаланып шамамен 3,6 млрд долларды үнемдеген, деп жазады "Коммерсантъ".

Америкалық ІТ-компания  Нидерландыда тіркелген Google Netherlands Holdings BV еншілес компаниясы арқылы  Бермудтағы фирманың есебіне 15,5 млрд доллар аударған. Бұл оған салық мөлшерлемесін 6,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Google мұндай әрекетке 2004 жылдан бері барып жүр. Алайда осындай тәсілмен шығарылған қаражаттың көлемі былтыр 40%-ға өсті. Компанияның қаржылық құжаттарына сәйкес, Американың салық жүйесінен әкетілген кірістердің жалпы сомасы 2015 жылы 58,3 млрд  долларды құраған.  Дегенмен, компания болса "Google өзі жұмыс істейтін кез келген елде салық заңын сақтайды" деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу