Грекия жақында ғана ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Олимп тауын қорғау үшін 10 миллион еуро бөледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақша табиғатты сақтауға, туристік инфрақұрылымды өркендетуге және аймақты тұрақты дамытуға бағытталмақ.
Айта кетейік, Олимп – елдегі ең биік тау. Биіктігі 3 мың метрге жуықтайды. Оның аумағында өсімдіктің 1900-ден астам сирек түрі мен жануардың 300-ге жуығы кездесетін Грекиядағы алғашқы ұлттық парк орналасқан. Бұдан бөлек, таудың ежелгі грек мифологиясында өзіндік орны бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу