Грекияда демографиялық дағдарыс салдарынан жүздеген мектеп жабылады

143

Грекияда оқушылар санының күрт азаюына байланысты 13 478 оқу орнының 721-і жабылмақ.   

Грекияда демографиялық дағдарыс салдарынан жүздеген мектеп жабылады Фото: solzet.ru

Министрлік өкілдерінің айтуынша, білім беру жүйесінде қалыптасқан жағдай "нағыз апокалипсиске" ұқсайды. Ведомство өкілі Кристос Сиамалос демографиялық дағдарыстың жылдан жылға ушығып келе жатқанын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оқушылар саны азайды

2025–2026 оқу жылында елдегі бастауыш, орта және кәсіптік оқу орындарында шамамен 1,21 миллион оқушы білім алады. Бұл көрсеткіш жеті жыл бұрынғыдан 150 мыңға аз. 2018–2019 оқу жылында 1,363 миллион оқушы тіркелген еді.

Қай мектептер жабылады?

Ең көп қысқарту бастауыш және мектепке дейінгі білім беру саласында байқалады:

  • 2018–2019 оқу жылында 247 бастауыш мектеп пен 312 балабақша жабылса,

  • 2025–2026 жылдары бұл көрсеткіш тиісінше 324 және 358-ге жетпек.

Сонымен қатар бірнеше орта мектеп, негізінен жоғары сыныптар да жабылады.

Жабылу тәртібі

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер мектепте 15-тен аз оқушы қалса, оның жұмысы тоқтатылады. Мұндай мектеп үш жыл бойы уақытша жабық тұрады. Осы мерзім ішінде оқушылар саны толықтырылмаса, ол оқу картасынан түбегейлі алынып тасталады.

Қалалар мен ауылдарға әсері

Мектептердің жабылуы тек ауылдық аймақтарға ғана емес, ірі қалаларға да әсер етіп отыр. Мәселен, ел астанасы Афина орналасқан Аттика аймағында 77 мектептің жабылуы жоспарланған.

Бұл жағдай оқушыларға қосымша қиындықтар туғызуда: шалғайдағы кейбір балаларға жаңа мектепке бару үшін күніне 80 шақырымға дейін жол жүруге тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу