Грекияда парламенттік сайлау өтеді

422

Ел Президенті сайлауға байланысты қазіргі Үкіметті таратты. 

Грекияда парламенттік сайлау өтеді Фото: www.amna.gr

Грекия осы аптада таңдау жасауы тиіс. Жексенбі, 21 мамыр күні, елде парламент сайлауы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Афины Македония Жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

Бірақ халық саяси науқанға үлкен қызығушылық танытпай отырғанға ұқсайды. 2019 жылдың өзінде дауыс беруге құқылы азаматтардың 58 пайызы ғана учаскелерге келген. Сарапшылар бұл жолғы көрсеткіш одан да төмен болады деп болжайды.

Себебі, Грекия қоғамында экономика, көші-қон энергетика мәселелері тереңге бойлап, халықтың бұл сайлаудан үміті сөнген.

"Еуропаның өзге елдерінде де инфляция өршіп тұрғанын білеміз. Дегенмен біздегі көрсеткіштер тым жоғары. Олар әлдеқайда төмен болуы керек еді. Пәтерақысы өсіп барады. Бір не екі адам ғана жұмыс істейтін отбасылары үшін күн көру оңай емес. Кейінгі 15 жылда халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті. Бүкіл Еуропа бойынша қаржы-несие саясаты қатаңдатылып, халықтың жағдайы қиындап барады,"- деді экономикалық және өнеркәсіптік зерттеулер қорының директоры Никос Веттас.

Еске салайық, осыдан 3 апта бұрын президент Катерина Сакелларопулудың Жарлығымен Грекия Парламенті сайлауға байланысты таратылды.

Ал, сауалнама нәтижесі Грекия азаматтарының көбі қазіргі Үкіметке сенетінін көрсетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу