Грекиядағы поезд апатынан кейін 2000 адам билікке қарсы шеруге шықты

415

Грекияның Салоники қаласында екі мыңнан астам адам билікке қарсы наразылық акциясына шықты.  

Грекиядағы поезд апатынан кейін 2000 адам билікке қарсы шеруге шықты Фото: AFP

Ал ел астанасы Афиныда шерушілер теміржол компанияларының офистеріне тас лақтырып, ашуларын білдірген.

Өйткені, ел билігі таяуда болған пойыз апаты "теміржол мамандарының қателігінен" болды деп мәлімдеген еді. 350 жолаушы отырған поезд 160 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызымен бетпе бет келіп, соқтығысқан. Салдарынан 57 адам қаза тауып, жүзден астамы жарақат алды. Марқұмдардың көпшілігі демалыстан оқуға қайтып келе жатқан студенттер екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу