Грузин шараптары қымбаттайды

680

Шараптар жасалатын негізгі аумақ Кахетияда жауған бұршақ жүзім алқаптарына орасан зардап келтірген.

Грузин шараптары қымбаттайды Фото: Москва24

Бұршақ Кахетиядағы жүзімдіктердің едәуір бөлігін жойғандықтан шарап пен жүзім бағасы өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Некреси" компаниясының негізін қалаушылардың бірі Ото Табатадзе айтуынша, биыл шараптың таңдаулы сорттары үшін жүзім тапшы болады.

"Әрине, жүзімді табуға болатын аймақтар бар, бірақ біз осы жылы жоспарлаған көлемді ала алмаймыз", — деді Табатадзе.

Биылғы жылы "Киндзмараули" өндірісімен не болатыны әлі белгісіз. Бұл шарапқа арналған жүзім бәрінен де артық зардап шеккен Кварель муниципалитетіндегі кішігірім ауданда өсіріледі.

Шарап бағасының өсуі бірден байқалмайды. Биылғы шарап сауда желілеріне келесі жылы ғана түсе бастайды, оған қоса, баға динамикасы 2024 жылдың жүзім өсірушілер үшін қандай болатынына байланысты тікелей болады. Егер келесі жылы да жүзім аз болса, онда бағаның өскені біршама білінетін болады.

15 қыркүйектегі жағдай бойынша Грузияда егін жинау маусымында 50 мың тонна жүзім жиналды. Өткен жылы қыркүйектің ортасына қарай тек Кахетияда 80 мың тоннаға жуық өнім жиналған. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұған дейін барлық аймақтар бойынша 200 мың тонна жүзімге жиналады деп болжаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу