Грузия Қазақстанға қарызын қайтаруды бастады

1241

Грузия Қазақстанға қарызын қайтаруды бастады

Грузия өзінің мемлекеттік қарызын төлеуге кірісті. Қазақстанның қазынасына 4,9 млн АҚШ доллары көлемінде алғашқы төлем жасауды бастады, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Бүгінгі күні Грузия үкіметі мемлекеттік қарызды өтеу кестесіне сәйкес алғашқы төлем жасады. Белгіленген кестеге сәйкес төленген сома 4,9 млн АҚШ долларын құрады. Төлем толық көлемде жүзеге асырылды", - деп ведомстводан хабарлады.

Үкіметаралық келісімнің шарттарына сәйкес, қарыздың өтеу мерзімі 2017 жылдан бастап 2025 жылға дейін белгіленеді.

Қайта құрылымдаудан кейін негізгі борыш сомасы 25,48 млн АҚШ долларын құрайды.Бұдан бұрын Грузия 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанға қарызын төлеуге кірісетіні туралы хабарлады. Мемлекеттік қарыз Париж клубының схемасына сәйкес ең төменгі бағамен қайтарылатындығын атап өтті.

Бұған дейін Грузияның Қазақстанға қарызын қайта құрылымдау туралы келісімге қол қойылып, оның көлемі 27,77 миллион доллардан 25,48 миллион долларға дейін қысқарды.

1996 жылы қарыз ретінде қабылданған және Грузияның Париж клубымен еліміздің сыртқы борышын қайта құрылымдау туралы екінші келісіміне сәйкес келетін осы қарызды өтеу 2025 жылға дейін жүзеге асырылатынын атап өтті.

Қазақстанға берешекті қайта құрылымдау туралы келіссөздер 2001 жылдан бастап жүргізіліп, 2016 жылы аяқталды. Қазақстан жағы борышқа қызмет көрсетуді Грузия үшін қолайлы жағдайларда жүргізуге келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу